Меню KDT

 







 



 

"Мағжан Жұмабаев атындағы ОМ" КММ Ғабит Мүсіреповтың туғанына – 115 жыл

    М. Жұмабаев атындағы орта мектепте наурыздың 15 күні Мемлекеттік Тіл күніне орай Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына байланысты, заңғар жазушымыздың өмірбаянына слайдтар көрсетіліп, «Ананың анасы», «Боранды түнде» әңгімелерінен сахналық көрініс қойылды.

   Бұл іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер түгел қатысты.

Слайдта қаламгеріміздің отбасы, қыздары, жиені, әрі құдасы, әрі қаламгер досы Сәбит Мұқанов туралы, қоғамдағы орны мен пікірлес достары тағы басқа тақырыптар сөз етілді. Ол кісінің киген киімі, жазған жазулары – барлығы тап-таза болатындығы, бос уақытында таяқ жонатындығы, кейде биік үстелде түрегеп тұрып жазу жазатындығы сияқты қасиеттері оқушыларды таң қалдырды.

  Көріністі ерекше тебіреніспен тыңдап, тамашалады. Себебі адам жанына ең жақын адам ана туралы тақырып кімді толғантпасын! Бұл шығармалар –  ананың алып тұлғасын, киелі сезімін, нұрлы жүрегін жырлайтын қазақ топырағындағы көрікті туындылар. Әр шығарма  өзі дүниеге келген тұсымен, заманымен ерекшеленеді. Сондықтан да соны жаңалығымен, қанық бояуымен, зергерлік зерімен, әсем сазымен күллі оқушы қауымының көңілінен шыға білді.

   «Сөз зергері», «саңлақ суреткер» деп дәріптейтін Ғабит Мүсірепов атамыз ел тарихына қоғам қайраткері ретінде өшпестей із қалдырғанын осы туындыларын сахналау арқылы тағы да бір дәлелдеуге тырыстық.

 Мұғалім іс-шараның соңында Ғабит Мүсіреповтың туған елге айтқан соңғы сөзімен аяқтады

   
ӘБ жетекшісі:  Жакен Манар 



Просмотров: 969

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор средней школы имени Магжана Жумабаева, Уалихановского района, СКО

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц24
  • За неделю1
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки