Меню KDT

 







 



 

"МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ" КММ 8 НАУРЫЗ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "ӨМІРДІҢ ГҮЛІ - АНА" АТТЫ ІС-ШАРА

«Өмірдің гүлі - ана».
Алғашқы көктем мерекесі аналар күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, уақытымен жүзеге асырылды.

Наурыз айының 3-6-күндер аралығында 1-10 сыныптарда "Әрқашан болсын ана..."сынып сағаттар өткізілді. 

"Жас Ұлан" ұйымының оқушылары 4-наурыз күні «Қылықты қыз-құндыз» атты қыз балаларды құттықтауға арналған кеш жүргізілді. Жетекшісі-тәлімгер Нурисламова Р.Р.

3-4-сынып оқушылары аналарын құттықтау мақсатында «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында аналарға мерекелік дастархан жайылып, шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. Аналар өз балаларының өнеріне өз ризашылықтарын білдірді. Жетекшілері - Мусайбекова С.Б., Темиржанова Г.Г.

6-наурыз күні 1,2-сынып оқушылары «Сыйынар ем ана деген тәңірге», «Айналайын, ақ мамам!» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, өздерінің сыйлықтарын аналарына тарту етіп, музыкалық сәлемдерін жолдады. Жетекшілері - Исакова М.В., Кудайкулова А.Г., Мамирова А.Н.

6-7, 8-сынып оқушылары да аналарына тарту ретінде «Ана деп ән саламын» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп, аналарының алғысына бөленді. Жетекшілері - Султанбекова А.С., Жакен Манар.

7-наурыз күні мерекеге байланысты мектеп бойынша салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында өтті. Жиын барысында барлық ұстаздарға гүл шоқтары таратылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтаулар айтылды. 
        

Орындаған:     ТІМ Омарова Ф.Б.



Просмотров: 678

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор средней школы имени Магжана Жумабаева, Уалихановского района, СКО

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц26
  • За неделю4
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки